18.10.2023 ж. "Авиценна "Жоғары медициналық колледжі" білім мекемесі студенттері Абай облысы прокуратурасы басқармасының прокуроры Е. С. Рамазановпен, наркологиялық диспансердің дәрігер-наркологы Е. В. Рындямен «Есірткі заттарын қолдануға қарсы іс-қимыл, есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымының алдын алу, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың алдын алу бойынша кездесуі өтті.
Өткізілген әңгіме жастар арасында нашақорлықтың таралуы туралы ақпараттандыруға және алдын алуға, сондай-ақ әрбір нақты өмірлік жағдайда осы білімді қолдануға дайын болу дағдыларын қалыптастыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.
Бұл іс — шара студенттердің өз денсаулығына деген қызығушылығы мен немқұрайлылығын көрсетті, өйткені денсаулық өмірлік маңызды құндылықтардың бірі болып табылады және оны сақтау мен нығайту, ең алдымен, адамның өз міндеті болып табылады.
__________________________