8 (7222) 35-36-36, 8 (7222) 44-42-66
1 оқу корпусы: Мәңгілік Ел көшесі, 32; 2 оқу корпусы: Торайгырова көшесі, 121; 3 оқу корпусы: Найманбаева көшесі, 108
8 (7222) 35-36-36, 8 (7222) 44-42-66
1 оқу корпусы: Мәңгілік Ел көшесі, 32;
2 оқу корпусы: Торайгырова көшесі, 121;
3 оқу корпусы: Найманбаева көшесі, 108
Қабылдау комиссиясының хатшысы:
8 777 742 50 54 Өтініш беру

Жаңалықтар

Общественная приемная

Материалдық-техникалық база

Материалдық-техникалық база

«Авиценна» Жоғары медициналық» колледжінде оқу үрдісін жүзеге асыру үшін қажетті материалдық-техникалық база жинақталған. Колледжде 2 оқу ғимараты бар. Оқу үрдісі үшін дәріс аудиториялары, 25 оқу кабинеті, 4 зертхана, 3 компьютерлік сынып, спорт зал, спорт алаң пайдаланылады. Студенттерге клиникалық пәндер бойынша тәжірибелік дағдыларды жетілдіру мақсатында колледжде ауруханаға дейінгі кезеңде шұғыл көмек көрсету дағдыларын пысықтау бойынша кабинеттер жұмыс істейді.

Терапия кабинеті

Акушерлік және гинекология кабинеті

Педиатрия кабинеті

Хирургия кабинеті

Мейіргерлік технологиялар кабинеті

Тіс техникалық зертханасы

 

 

Колледжде барлық пәндер мен кәсіптік модульдерді оқуға арналған оқу кабинеттері орналасқан. Тәжірибе кабинеттері мен зертханаларда студенттердің тәжірибелік іскерліктерін пысықтау үшін жеке жұмыс орындары жабдықталған:

  • мейірбикенің науқастарды күту жөніндегі қызметі;
  • қарапайым медициналық қызметтерді орындау;
  • босандыру қызметі;
  • диагностикалық қызмет;
  • бала күтімі және т.б.

Оқу кабинеттері заманауи фантомдармен, муляждармен және қажетті медициналық жабдықтармен жабдықталған.

Колледжде білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін 3 кабинет компьютерлермен жабдықталған. Компьютерлер студенттердің негізгі сабақтардан бос уақытында пайдалануы үшін қолжетімді, INTERNET желісіне тегін қол жеткізу қамтамасыз етілген.

Информатика кабинеті

Дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшін жақсы жабдықталған спорт залы, спорттық гимнастикамен айналысуға арналған жатақханаларда спорт залдары, спорт алаңы бар. Колледжде волейбол, баскетбол, жеңіл атлетика, үстел тенисі, гимнастика, футбол, гір спорты секциялары жұмыс істейді.

 

Колледжде 14 мыңнан астам данада оқу және көркем әдебиет кітап қоры бар бай ақпараттық-кітапхана орталығы, 20 орындық оқу залы, ғылыми-әдістемелік орталық, ақпараттық технологиялар кабинеттері, студенттердің білімін тестілеу және диагностикалау зертханасы, колледж тарихы мұражайы, әкімшілік кабинеттер, асхана, денсаулық сақтау пункті бар.

Асхана қызметкерлері тамақтануды ұйымдастыруды жақсарту бойынша айтарлықтай жұмыстар жүргізді: бірінші және екінші тағамдардың, салаттардың ассортименті және оларды дайындау сапасы артты. Нәтижесінде асханада тамақтанушылар саны артты.

Колледжде білім алушылар мен оқытушылар үшін ыстық тамақ ұйымдастырылған. Тамақтану Торайғыров көшесі 121 (1 корпус) және Мәңгілік Ел көшесі, 32 (2 корпус) мекенжайлары бойынша асханада жүзеге асырылады.

Общественная приемная

Өтініш беру