Құрметті колледжіміздің студенттері мен ата-аналар, әріптестер! Сіздерді еліміздің ұлттық мерекесі - Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
2022 жыл 25 қазан – Республика күні! 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болатын.
« Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан қазанның жиырма бесі күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек » - мемлекет басшысы айтты.
Бұл күн - еркіндіктін, егемендіктін негізі, еліміздің бүгіні мен ертеніне адал қызмет ететін барша азаматтын отаншыл рухын оятып, сенім мен жауапкершілік сезімін қалыптастыратын күн. Сол себепті де облысымызда Республика күнінін маң-маңызын жас ұрпаққа көбірек дәріптеп, ұлттық рухты асқақтататын, айбынымызды асыратын іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр.
Республика күні мерекесі құтты болсын! Әр шаңыраққа бақ дарып, ырыс ұяласын! Елімізге тыныштық, халқымызға береке-бірлік, еңбектеріңізге табыс, игілікті ғұмыр тілейміз!