«АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ МҰРАСЫ»
2022 жылдың 25 сәуірі күні «Семей медицина университетінде» қазақтың рухани көсемі, Алаш ардақтысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына арналған «Ахмет Байтұрсынұлының мұрасы» атты «Тілдарын» қалалық олимпиадасы болып өтті. Олимпиада мақсаты - Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылық мұрасын өзге ұлт жастары арасында насихаттау.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары Б.О.Муслимова мен Д.С.Жакупбекованың жетекшілігімен Білім мекемесі «Авиценна» Жоғары медициналық колледжі» атынан 3 студентіміз қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша біздің оқушылар жоғары нәтиже көрсетті, атап айтқанда:
І дәрежелі дипломмен Игенбердыева Михриван марапатталды;
І орын алғаны үшін мадақтамамен Габдрахманова Резеда марапатталды;
ІІІ орын үшін мадақтамамен Юлия Донцова марапатталды.
Әріптестерімізді және оқушыларды жоғары нәтижемен құттықтаймыз! Болашақта одан да көп жеңістер мен жетістіктер тілейміз!
ГОРОДСКАЯ ОЛИМПИАДА «ТІЛДАРЫН»
25 апреля 2022 года в «Медицинском университете Семей» прошла городская олимпиада «Тілдарын». Целью олимпиады является популяризация жизни и творческого наследия Ахмета Байтурсынова среди молодежи других национальностей.
Под руководством преподавателей казахского языка и литературы Муслимовой Б.О. и Жакупбековой Д.С. от Учреждения образования «Высший медицинский колледж «Авиценна» приняли участие 3 студентки.
По итогам олимпиады, наши учащиеся показали высокий результат, а именно:
Дипломом I степени награждена Игенбердыева Михриван;
Грамотой за занятое I место награждена Габдрахманова Резеда;
Грамотой за занятое III место награждена Донцова Юлия.
Поздравляем наших коллег и учащихся с высоким результатом! Желаем еще больше побед и достижений в будущем!