8 (7222) 35-36-36, 8 (7222) 44-42-66
1 уч. корпус: ул. Мангелик Ел, 32; 2 уч. корпус: Торайгырова, 121; 3 уч. корпус: ул. Найманбаева, 108
8 (7222) 35-36-36, 8 (7222) 44-42-66
1 учебный корпус: ул. Мангелик Ел, 32;
2 учебный корпус: ул. Торайгырова, 121;
3 учебный корпус: ул. Найманбаева, 108
Секретарь приемной комиссии:
8 777 742 50 54 Подать заявку

Новости и события

Новости

Общественная приемная

Бағзыдан қалған өнегеден ағаш егу – сауапты іс екенін ұғуға болады

Бағзыдан қалған өнегеден ағаш егу – сауапты іс екенін ұғуға болады. Себебі, ағаш адамзатқа теңдессіз, қалтқысыз қызмет етіп келеді. Адам ауасыз өмір сүре алмайтын болса, ағаш ауаны тазалап, сүзгіден өткізеді, яғни ауадағы түрлі газдарды өзіне тартып, орнына оттегі бөледі. Ағаштың адамзат баласына тиімділігі мол екендігін халқымыздың «Бір жылдығын ойлаған халық бидай егеді.

Жүз жылдығын ойлаған халық ағаш егеді» деген мақалынан да білуге болады.

2018 жыл «Экология» жылы болғандықтан, 20 сəуір – Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні деп жарияланды. Соған байланысты «Семей Орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» РММ ұйымдастыруымен өткен іс-шараға «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» ЖҚ ШҚОФ, Семей қалалық бөлімшесі қатысты. Сондай-ақ, Семей қаласының жастар ресурстық орталығы, Семей қаласының жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, мектеп оқушылары, Қазақстан студенттері Альянсының белсенді жастары қатысуымен өткен бұл акцияда 10 мыңға жуық көшет отырғызылды.

Общественная приемная

Подать заявку