06.11.2025ж. «Авиценна» Жоғары медициналық колледжінде Абай облысы Әділет департаментінің баспасөз хатшысы Төлеубек Санжар Раймбекұлы және Құқықтық түсіндіру және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Асылқанова Айдана Заңғарқызы студенттермен «Лудоманияның алдын алу мақсатында жастар арасында түсіндіру жұмыстары» тақырыбында дәріс өткізді.
Дәріс барысында лудоманияның жеке тұлға мен қоғамға тигізетін теріс әсерлері, құқықтық және әлеуметтік салдары түсіндіріліп, оны болдырмау жолдары талқыланды. Спикерлер студенттерді өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, жауапкершілік сезімін қалыптастыруға және құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алуға зор ықпал етеді.
06.11.2025г. в Высшем медицинском колледже «Авиценна» состоялась лекция на тему «Профилактическая работа среди молодежи по предотвращению лудомании», которую провели пресс-секретарь Департамента юстиции Абайской области Санжар Раймбекулы Толеубек и начальник отдела правового просвещения и оказания юридических услуг Айдана Заңгаровна Асылканова.
В ходе лекции были разъяснены негативные последствия лудомании для личности и общества, рассмотрены её правовые и социальные аспекты, а также пути предотвращения зависимости от азартных игр. Спикеры призвали студентов ответственно относиться к своим поступкам и вести здоровый образ жизни.
Подобные мероприятия способствуют повышению правовой грамотности молодежи, формированию чувства ответственности и профилактике игровой зависимости.
.jpg)
.jpg)
