8 (7222) 35-36-36
1 уч. корпус: ул. Мангелик Ел, 32; 2 уч. корпус: ул. Торайгырова, 121; 3 уч. корпус: ул. Найманбаева, 108
8 (7222) 35-36-36
1 учебный корпус: ул. Мангелик Ел, 32;
2 учебный корпус: ул. Торайгырова, 121;
3 учебный корпус: ул. Найманбаева, 108
Секретарь приемной комиссии:
8 777 742 50 54 Подать заявку

Новости и события

Новости

Общественная приемная

30 қазан 2024 жылы «Авиценна» Жоғары медициналық колледжінің студенттері «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ-де 1 қазан – Қарттар күніне орай «Мейірімділік пен құрмет күні» атты қайырымдылық концертін өткізді.

«Мейірімділік пен құрмет күні» аталып өтті

30 қазан 2024 жылы «Авиценна» Жоғары медициналық колледжінің студенттері «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ-де 1 қазан – Қарттар күніне орай «Мейірімділік пен құрмет күні» атты қайырымдылық концертін өткізді.

Іс-шараны колледж жанындағы «Жастар рухы» студенттік клубының көркемөнер ұжымы ұйымдастырды. Шараның басты мақсаты – аға буын өкілдеріне құрмет көрсету, оларға қуаныш сыйлау және ұрпақтар сабақтастығын нығайту болды.

Концерт барысында студенттер өз өнерлерін ортаға салып, ән мен биден шашу шашты. Қарттар да белсенділік танытып, жастармен бірге ән айтып, би билеп, көңілді кештің көрігін қыздырды. Қатысушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, студенттерге алғыстарын айтып, болашақ мамандарға шығармашылық табыс пен ақ жол тіледі.

Бұл шара – жастардың үлкенге деген құрметі мен мейірімділік сезімін паш ететін жарқын мысалдардың бірі болды. Колледж ұжымы алдағы уақытта да осындай рухани-мәдени іс-шараларды тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Общественная приемная

Подать заявку