1 мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі күні
Қазақстан халқының бірлігі күні - бейбітшілік, бірлік және достық мерекесі! Әлеуметтік маңызды құндылықтарды тәрбиелеу, ұлтаралық және этносаралық қатынастар мәдениетін арттыру, өз елі үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру,патриоттық тәрбиеге баулу мақсатында 29.04.2024 ж. «Авиценна» Жоғары медициналық колледжінде «Бір шаңырақ астында» атты фестивалі өтті. Фестивальге 1 курстың студенттері қатысып, Қазақстан аумағында тұратын түрлі этностар мәдениетінің жарқын ерекшеліктерін көрсетті. Әр топ дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды және ұлттық тағамдарды таңдап, керемет билер мен әндерді орындады.
Аталған іс-шара, қатысушыларға да, іс-шара қонақтарына да елімізде тұратын түрлі этностардың халықтық дәмін, өнерін, шығармашылығы мен дәстүрлерін жақсы білуге ерекше мүмкіндік берді.