03.05.2024 ж «Авиценна» Жоғары медициналық колледжі білім мекемесінің волонтерлік клуб мүшелері ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҚАЕҚ мемелекеттік гранты аясында құрылған «Saulyq.life – Жастар денсаулығын сақтау» республикалық жастар қозғалысының волонтерлер форумына қатысып келді.
Қазақстандық өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтау Мемлекет басшысы мен үкіметтің ұдайы бақылауында ұстап отырған басым стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады. Ісшараның мақсаты: қалаусыз жүктіліктің, түсік тастаудың, жастар арасында жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын – алу жұмыстарын жүргізу.