10 мамыр 2024 жылы “Абай облысы ішкі саясат басқармасы” ММ Абай облысы “Қоғамдық келісім орталығы - облыстық Достық үйі” КММ, Абай облысы ҚХА аналар кеңесі ұйымдастыруымен “Авиценна” жоғары медициналық колледжі” білім мекемесі базасында “Ұлт болашағы - аналар қолында” атты дөңгелек үстел өтті. Аталған іс-шара мақсаты: өскелең ұрпақты ұлттық дәстүрлерді, отбасылық құндылықтарды сақтай білуге тәрбиелеу; әйелдер қауымы мен анаға деген махаббатты, сүйыспеншілікті, құрметті, алғысты білдіре білуді қоғам арасында кеңінен тарату; жастар арасында адамгершілік құндылықтарды нығайту. Дөңгелек үстел жұмысында коллеждің оқытушы-спикерлерінің баяндамалары талқыланып, Абай облысы, аудан және қала ҚХА әйелдер кеңесі мүшелері ойларымен бөлісті. Жұмыс соңында дөңгелек үстел қорытындыланып, колледж белсенді жастарының қатысуымен концерттік нөмерлер қойылып, ҚХА әйелдер кеңесі мүшелері облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды!