Құрметті әйелдер қауымы! Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Осынау шуақты көктем мерекесі әсемдік пен әдеміліктің, мейірім мен махаббаттың символына айналған мереке. Халқымыздың «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді» деген нақыл сөзінің терең мән-маңызы бар.
Бүгінгі таңда әйел қауымының мүдделерін қорғау, ана мен баланы қолдау мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады, бүгінгі күні рухтандыратын, өнегелі бағыт бағдар болып қала беретін шынайы құндылықтарды сақтаудағы әйел қауымының рөлі ерекше. Осы көктем мерекесінде Сіздерге зор денсаулық, амандық пен барлық игі бастамаларыңызға сәттілік тілейміз. Әр күндеріңіз шуаққа, жылулық пен қуанышқа толы болып, отбасыларыңызға жайлылық пен береке орнасын! Мерекелеріңіз құтты болсын!