8 (7222) 35-36-36
1 оқу корпусы: Мәңгілік Ел көшесі, 32; 2 оқу корпусы: Торайгырова көшесі, 121; 3 оқу корпусы: Найманбаева көшесі, 108
8 (7222) 35-36-36
1 оқу корпусы: Мәңгілік Ел көшесі, 32;
2 оқу корпусы: Торайгырова көшесі, 121;
3 оқу корпусы: Найманбаева көшесі, 108
Қабылдау комиссиясының хатшысы:
8 777 742 50 54 Өтініш беру

Жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалықтар

Общественная приемная

Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы»

30.11.2023 йжылы Семей қ. ПБ әйелдер құқығын қорғау жөніндегі аға инспекторы полиция майоры Жанна Сайранқызы Қасенова «ҚР Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында «Авиценна» Жоғары медициналық колледжі 2 курс оқушылары арасында дәріс өткізді.
Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңының 4 бабына сәйкес, тұрмыстық зорлық-зомбылық тек күш көрсету немесе психологиялық қана емес, сексуалдық және (немесе) экономикалық зорлық-зомбылық түрінде болуы мүмкін.
1. Күш көрсету зорлық-зомбылығы - дене күшін қолданып, денені ауыртып денсаулыққа қасақана зиян келтіру.
2. Психологиялық зорлық-зомбылық - адамның психикасына қасақана әсер ету, оны қорқыту, қорлау, бопсалау немесе құқық бұзушылықтарды е өмірге, денсаулыққа қауіп төндіретін, сондай-ақ психикалық, дене және жеке басы дамуының бұзылуына әкелетін әрекеттерді жасауға мәжбүрлеу (еріксіз көндіру) арқылы ар-намысы мен абыройын кемсіту.
3. Сексуалдық зорлық-зомбылық - адамның жыныстың тиіспеушілігіне немесе жыныстық еркіндігіне қауіп төндіретін құқыққа қарсы қасақана іс-әрекет, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы іс-әрекеттер.
4. Экономикалық зорлық-зомбылық - адамды заңмен көзделген құқығы бар тұрғын үйінен, тамағынан, киімінен, мүлкінен, қаражатынан қасақана айыру.

Общественная приемная

Өтініш беру