✔ «АВИЦЕННА» ЖМК БМ-ДЕ КУРАТОРЛЫҚ САҒАТТАР
«Авиценна» Жоғары медициналық колледжі» білім мекемесінің 1-4 курс оқу топтарының арасында «Абайлаңыз, экстремизм!» тақырыбында кураторлық сағаттар өткізілді.
Қазіргі уақытта біз «экстремизм» және «терроризм»ұғымдарымен жиі кездесеміз. Бүгінгі таңда бұл әлемдегі ең үлкен қауіптердің бірі болып табылады, өйткені террористік ұйымдардың негізгі қозғаушы күші жастар болып табылады. Мұндай ұйымдар дәстүрлі діннің астында өз идеяларын адамдардың санасына жаппай енгізеді. Сондықтан терроризмге қарсы іс-қимыл ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі басым бағыттардың бірі болып табылады.
Кураторлық сағаттың мақсаты-жеке тұлғаның, отбасының, дәстүрлі құндылықтардың құрылымын бұзатын, жалпы мемлекетке қауіп төндіретін деструктивті діни мәдениеттердің қауіптілігі туралы білімді қалыптастыру, сондай-ақ деструктивті бағыттағы діни экстремизмнің алдын алу.