10.11.2023 жылы «Авиценна» Жоғары медициналық колледжінің «Жастар рухы» ЖҚ ұйымының студенттері Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігі бекіткен «Біртұтас тәрбие бағдарламасының» міндеттері аясында «Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету және белсенді ұзақ өмір сүру орталығына» барып, қарттар арасында денсаулықты қадірлеуге, салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған «Салауатты өмір салтын насихаттау» тақырыбында конференция өткізді.
Халқымыз қашанан - ақ денсаулықты алдыңғы орынға шығарып, «бірінші байлық» деп есептеген. «Дені саудың - жаны сау» - дейді халық даналығы. Еліміздің жарқын келешегі бәрімізге керек, оның ойдағыдай болуы қоғам мүшелерінің сайдың тасындай өмір сүріп, еңбек етуіне әбден байланысты.
Студенттердің өткізген конференциясы конференцияға қатысқан қарттарға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, біздің студенттеріміз олардың батасын алды.