2023 жылғы 30 қазанда " Абай облысы дін мәселелерін зерттеу орталығы” КММ" ақпараттық - түсіндіру тобының мүшелері А. М. Құсембекова мен М. Д. Ботаханов "Авиценна" Жоғары медициналық колледжі оқушылары арасында "Заң және дін"тақырыбында әңгіме өткізді.
Іс-шараның мақсаты: ҚР-дағы діни ахуалмен, дін саласындағы құқықтық реттеу жүйесімен, Қазақстан аумағында қызметіне тыйым салынған ұйымдармен танысу. Оқушылардың бойында патриоттық сезімдерді тәрбиелеу, әртүрлі ұлт өкілдерінің, конфессиялардың құндылықтарын құрметтеу, әртүрлі діни культтердің, қауымдастықтардың, ұйымдардың өкілдеріне толерантты көзқарас.
Іс-шара соңында дәріскерлер мемлекет діни бірлестіктер өкілдерімен өзара қарым-қатынасты реттейтінін, ҚР азаматтарының құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтірмеу мақсатында олардың қызметін бақылайтынын хабарлады.
Іс-шара нәтижесінде әңгіме тақырыбы ашылып, дәріскерлер студенттердің сұрақтарына жауап берді.