2023 жылдың 03 қазан күні Білім мекемесі «Авиценна» медициналық колледжінде «Студенттердің өзін-өзі басқару күні» өтті.
«Өзін - өзі басқару күні» - бұл оқушылардың өзін-өзі басқару дағдыларын дамытатын, дербестікке, тапсырылған іске жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейтін, көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ететін, өзінің ұйымдастырушылық қабылетін көрсетуге мүмкіндік беретін іс-шара. Осы іс-шараны қорытындылай келе, ең көп балл жинаған үздік дублер:
«Емдеу ісі» БЛ-202 тобы Сексенбаева Айдана! Құттықтаймыз! #деньдублера #дублеркүні