21.09.2023 ж. Еңбек күнін мерекелеу құрметіне орай колледж студенттері медициналық мамандықтарды өркендету мақсатында, біздің әлеуметтік әріптесіміз, практикалық оқыту базасы "Жан-ер" медициналық мекемесіне барып, мекеменің дәрігерлік кабинеттері мен зертханаларын аралап қайтты . Бас медбике Г.К. Отынбаева студенттерге медициналық қызметкердің еңбегі әлеуметтік маңызы жоғары, жауапты және күрделі мамандық қатарына жататыны, бірақ сонымен қатар медициналық қызметкер - бұл асыл мамандық, "ақ халатты" мамандар адамдарды аурудан сауықтырып, оларға денсаулық сыйлайтыны жөнінде айтып берді.
#EnbekEri
#Semey_akimdigi
#BilimSemey