14.09.23 ж. гинекологиялық қатерлі ісік туралы хабардар болу айлығы аясында маммология және гинекология бөлімшесінің дәрігер-онкологы Жақыпаева Маржан Маликовна "Авиценна" жоғары медициналық колледжінің оқушыларына дәріс өткізді.
Джакупаева Маржан Маликовна өз сөзінде гинекологиялық қатерлі ісіктің маңызды ерекшеліктерін, осы аурудың түрлерін, олардың пайда болу себептерін, сондай-ақ негізгі белгілерін айтты. Гинекологиялық қатерлі ісіктің алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.