8 (7222) 35-36-36, 8 (7222) 44-42-66
1 оқу корпусы: Мәңгілік Ел көшесі, 32; 2 оқу корпусы: Торайгырова көшесі, 121; 3 оқу корпусы: Найманбаева көшесі, 108
8 (7222) 35-36-36, 8 (7222) 44-42-66
1 оқу корпусы: Мәңгілік Ел көшесі, 32;
2 оқу корпусы: Торайгырова көшесі, 121;
3 оқу корпусы: Найманбаева көшесі, 108
Қабылдау комиссиясының хатшысы:
8 777 742 50 54 Өтініш беру

Жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалықтар

Общественная приемная

«Қазақ әнінің ақбұлағы» атты ақпарат сағаты

«Қазақ әнінің ақбұлағы» атты ақпарат сағаты
2023 жылдың 15 мамырында «Авиценна» Жоғары медициналық колледжінің «Емдеу ісі» бөлімінің бірінші курс студенттері қалалық орталық кітапханада өткізілген Болат Сыбановқа 85 жыл толуына арналған «Қазақ әнінің ақбұлағы» атты іс шараға қатысып қайтты.
Мақсаты: актер, әнші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Болат Күнтуұлы Сыбанов жайлы ақпарат беру. Жастарға композитордың кітапхана қорында бар кітаптарымен таныстыру, музыкаға деген сүйіспеншіліктерін арттыру және эстетикалық тәрбие беру.
Шара барысында Болат Сыбановтың өмірбаяны, шығармашылыққа келу жолы, еңбектері жайлы ақпарат берілді. Студент жастарға композитордың арнайы музыкалық білімі болмаса да, домбыра, фортепиано, баянда жақсы ойнағандығы жайында қызықты ақпарат берілді. Шара арнайы дайындалған Б.Сыбановтың өмірі мен шығармашылығына арналған бейнебаянмен сүйемелденді. Кеш соңында оқырман назарына қазақтың музыка өнері жайында кітап көрмесі ұсынылып, библиографиялық шолу жасалды.

Общественная приемная

Өтініш беру