8 (7222) 35-36-36
1 оқу корпусы: Мәңгілік Ел көшесі, 32; 2 оқу корпусы: Торайгырова көшесі, 121; 3 оқу корпусы: Найманбаева көшесі, 108
8 (7222) 35-36-36
1 оқу корпусы: Мәңгілік Ел көшесі, 32;
2 оқу корпусы: Торайгырова көшесі, 121;
3 оқу корпусы: Найманбаева көшесі, 108
Қабылдау комиссиясының хатшысы:
8 777 742 50 54 Өтініш беру

Жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалықтар

Общественная приемная

24.02.2023 жылы Авиценна ЖМКБМ 1 курс студенттері арасында кәусар сезім мен тояттамас көңіл, буырқанған шабыт пен сағыныш сыйлаған мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың 92 жылдығына арналған көркемсөз шеберлері байқауы өтті.

24.02.2023 жылы Авиценна Жоғары медициналық колледжінің 1 курс студенттері арасында кәусар сезім мен тояттамас көңіл, буырқанған шабыт пен сағыныш сыйлаған мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың 92 жылдығына арналған «Мен – өмірді жырлау үшін келгенмін» атты көркемсөз шеберлері байқауы өтті.
Кешті өткізу мақсаты: Ақиық ақынның өмірі мен шығармашылығына шолу жасау. М.Мақатаевтың поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, сезіндіру.
Байқауға қатысуға 19 оқушы ниет білдіріп қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша:
I орынды «Емдеу ісі» бөлімі Л-108 тобының студенті Айтжанов Аңсар,
II орынды «Стоматология» бөлімінің 1 курс студенті Қадырбекова Ұлжан
III орынды «Мейірбике ісі» бөлімінің 1 курс студенті Зайнолдина Әдемі иеленді.
Ақиық ақынның туған күніне орай өткен шарада оқушылар Мұқағали жырынан шашу шашып, көпшілік қауымның ыстық ықыласына бөленді. Жеңімпаздарға диплом және естелік сыйлықтар табысталды.

Общественная приемная

Өтініш беру