2025 жылғы 19 желтоқсанда «Авиценна» жоғары медициналық колледжінің еріктілер клубы Семей қаласында жыл бойы жүзеге асырылған волонтерлік жобаларды қорытындылау, волонтерлердің еңбегін бағалау және олардың қоғамға қосқан үлесін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған қорытынды іс-шара — «Кең жүрекпен» волонтерлерді марапаттау салтанатты шарасына қатысты.
Аталған шара барысында колледждің белсенді еріктілері Сарманова Карина мен Оралбеков Шыңғыс қоғамдық жұмыстарға қосқан елеулі үлестері үшін алғыс хаттармен марапатталды.
Бұл іс-шара волонтерлердің белсенді қызметін жоғары бағалап, олардың ізгі істерін көпшілікке үлгі етуге бағытталды.